Skip to main content
  • locationҚазақстан, Өскемен қ., Путевая к., 15
  • opening hours Дс-Жм.: 8.00-17.00
  • tel+77232231054, +77772555082
  • emailvostokecoline@mail.ru
    • facebook
    • instagram
    • VK

ТОО "ВостокЭкоЛайн"

  • Байланысу деректері
  • Өнім
    • Күнбағыс Майы
    • Қарақұмық жармасы
    • Жанама өнімдер және өндіріс қалдықтары
  • Жаңалықтар
  • Компания туралы
  • Басты бет
Қазақша
 
 

«ВостокЭкоЛайн» ЖШС
Қазақстандық өндірістік компаниясы

Дұрыс тамақтану табиғи өнімдерден басталады

Жоғары сапалы табиғи азық-түліктерді:
күнбағыс майын және қарақұмық жармасын
өндіру және сату

ӨНІМДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ТІЗБЕСІ

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кешені

Өндіріске шолу және оның ерекшеліктері

Зауытта Германияның, Ресейдің және Қытайдың әр түрлі өндірушілерінің жабдығы пайдаланылады. Жалпы, зауыт жабдығы сапалы және нарықта сұранысқа ие өнімдерді алуға бапталған және үнемі жаңартылып отырады.
 

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Біздің компанияны не үшін таңдайды?

Біздің өндірістің орналасуы, инфрақұрылымы және артықшылықтары

 

1. Өнімнің экологиялылығы
Зауыт өндіретін өнімнің сақтау мерзімі ұзақ, сондай-ақ, өндіру барысында қандай да бір химиялық қоспалар мен реагенттер қолданылмайтындықтан, экологиялық таза өнім болып табылады. Зауыт өнімінің экологиялылығы оны Қазақстан, Шығыс Еуропа, Орта Азия және Қытай елдерін қоса, жақын және алыс шетел елдерінің тұтынушылары үшін тартымды етеді.
2. Зауыт жұмысының тұрақтылығы
Зауыт аграрлық сектор дамыған Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Облыстағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің ауданы 22,7 млн. гектарды құрайды, бұл жерлерде оның ішінде, айтарлықтай көлемде қарақұмық және күнбағыс өсіріледі. Ол зауытты бір жыл ішіндегі тұрақты жұмысына қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3. Инфрақұрылымы
Зауыт барлық инженерлік коммуникацияларға (сумен жабдықтау, кәріз, жылыту жүйесі, электрмен қамтамасыз ету) қосылған, олар зауыттың өндірістік қажеттіліктерін кем дегенде үш есе арттыруға мүмкіндік береді
4. Орналасуы
Барлық өндірістік және қойма қуаттылықтары Өскемен қ., Путевая к., 15 мекен-жайы бойынша Өскемен қ. шектеріндегі ортақ өндірістік алаңда орналасқан
View on Ust-Kamenogorsk map

View on Ust-Kamenogorsk map

Company Photos
Find travel to VostokEkoLayn, a manufacturing company

Біздің ұсыныс

Барлық өнім 100% табиғи, сертификатталған және стандарттарға сәйкес келеді

 
 
  • КҮНБАҒЫС МАЙЫ
  • ҚАРАҚҰМЫҚ ЖАРМАСЫ
  • ЖАНАМА ӨНІМДЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ

«Желанное» сауда маркасының күнбағыс майы

Суықтай сығылған, мұздатылған, бірінші сұрыпты 100% жоғары сапалы күнбағыс майы

 
Сапа көрсеткіштері бойынша май халықаралық стандарттарға сай, ұзақ уақыт ішінде дәмдік және биологиялық құндылығын сақтайды.

Омега-9 майлы қышқылдарына бай, құрамында А және Е дәрумендері (организмнің қартаюына кедергі жасайтын, қанайналымын жақсартатын, иммунитетті нығайтатын табиғи антиоксидант)

ҚАРАҚҰМЫҚ ЖАРМАСЫ

Қарақұмықтың ақуыз құрамы биологиялық құндылығы бойынша жануар тектес өнімдер – балық және етпен шамалас.

 
Қарақұмықта В тобының барлық дерлік дәрумендері, А продәрумені – каротин, Е және С дәрумендері, сондай-ақ, омега-3 қышқылдар және фосфолипидтер бар. Қарақұмық жармасында глютен жоқ, ол оны дәнді дақылдар ақуызын қабылдамайтын адамдар үшін жарамды етеді.

Қарақұмықтағы көмірсулар басқа жармалармен салыстырғанда әлдеқайда аз, сондықтан өнім қант диабетіне шалдыққандар және салмағын қадағалайтындар үшін әсіресе пайдалы.

Жанама өнімдер және өндіріс қалдықтары

Күнбағыс жомы, Жарылған қарақұмық, Күнбағыс фузы, Калибрленген күнбағыс

 
Мал шаруашылығына күнбағыс жомы және фузы түріндегі жоғары ақуызды концентрацияланған өндіріс қалдықтарын жеткіземіз.

Калибрі 4,2+ мм қауыздан айырылған күнбағыс және Жарылған қарақұмық (жарма) Жарылған жарма қарақұмықтың барлық құнды қасиеттерін сақтайды. Мұндай жармада организмді тазартатын жасұнық көп болады.

Жаңалықтар және оқиғалар

«Желанное» күнбағыс майының сапасын Сиань қаласында (Қытай) бағалау
«Желанное» күнбағыс майына Сиань қаласында (Қытай) берілген жоғары баға
Қазақстан кәсіпқойларының мойындауы
Қазақстан кәсіпқойларының мойындауы
«Желанное» тауар белгісін халықаралық тіркеу және қорғау
«Желанное» тауар белгісін халықаралық тіркеу және қорғау
InterFood 2017 ж., 1 орын
Біздің өнім бірінші орынға ие болды, InterFood 2017 ж.

 

Барлық жаңалықтар

 

 

 
Қазақстан, Өскемен қ., Путевая к., 15
 
tel+77232231054,  +77772555082
 
emailvostokecoline@mail.ru
«ВостокЭкоЛайн» ЖШС
Қазақстандық өндірістік компаниясы
  • facebook
  • instagram
  • VK

Төмендегі мәзір

  • Компания туралы
  • Өнім
  • Байланысу деректері
Copyright © «ВостокЭкоЛайн» ЖШС, 2019г., Өскемен қ. 
Сайтты жобалау