"ЖЕЛАННОЕ" сауда маркасының күнбағыс майы – суықтай сығылған, мұздатылған, бірінші сұрыпты 100% жоғары сапалы күнбағыс майы
Күнбағыс майын суықтай сығу тәсілімен өндіру
Қазақстан тағамтану академиясының деректеріне сәйкес, күнбағыс майын суықтай сығу тәсілімен өндіру ең оңтайлы, пайдалы қасиеттерді: дәрумендерді, антиоксиданттарды, майлы қышқылдар мен лецитинді ең көп дәрежеде сақтауға мүмкіндік беретін тәсіл болып табылады. Мұндай күнбағыс майы – адам үшін қажетті жақсы теңдестірілген табиғи қоректік кешен.
Сол себепті суықтай сығу әдісімен өндірілген біздің «ЖЕЛАННОЕ» күнбағыс майымыз барлық жас тобындағы әрбір адамның күнделікті тамақ үлесіндегі алмастырылмайтын өнім болып табылады.
Өсімдік майларының қатарында күнбағыс майы ең жақсылардың бірі, себебі оның құрамында организмде синтезделмейтін полиқаныққан майлы қылқылдардың жоғары пайызы бар (оның ішінде, Омега-6 және Омега-9 майлы қышқылдары). Полиқаныққан майлы қышқылдар организмге қажет, себебі олар бас миының, жүректің, адам организмінің жыныстық және басқа функцияларының жұмысын қамтамасыз ететін гормондар синтезі үшін жауап береді. Сонымен бірге, майлы қышқылдар дене белсенділігінің артуына, жасушалардың регенерациялануына, терінің серпінділігіне, жасушалық мембраналар мен қан тамырларының иілгіштігіне септігінт тигізеді, иммунитетті демейді, май алмасуына белсенді қатысады және организмнен холестеринді шығарып, миокард инфарктының тәуекелін төмендетеді.
Күнбағыс майы сондай-ақ жасарту әсері бар, қанайналымын жақсартатын, тромбтардың түзілуінің алдын алатын, артериялық қысымды төмендетуге септігін тигізетін, қабыну үдерістерінің алдын алатын табиғи антиоксидант – Е дәруменінің көзі болып табылады.
Одан басқа, күнбағыс майының құрамында метаболизм кезінде көздің жітілігін жоғарылататын, шаштың және терінің жағдайына жағымды әсер ететін А дәруменіне айналатын бета-каротин (А продәрумені) бар.
Сізге зор денсаулық тілейміз!
Біздің маймен бірге асыңыз дәмді, пайдалы және хош иісті болады.
Өнім сертификатталған және МемСТ сәйкес келеді.